1.1 Біз ҚР ҰЗО шығарған және цифрлық қолтаңбаларды қалыптастыру үшін пайдаланылған пайдаланушылардың сертификаттарынан (тіркеу куәліктерінен) барлық ақпаратты жинаймыз, бұл жеке тұлғалар туралы деректерден басқа, заңды тұлғалардың сертификаттарын пайдалану жағдайында заңды тұлғалар туралы деректерді қамтуы мүмкін. ҚР ҰЗО шығарған сертификаттарда қамтылған деректердің көлемі ҚР ҰЗО порталында https://pki.gov.kz қолжетімді «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының жазылушыларының тіркеу куәліктерін қолдану ережелері» құжатында келтірілген. Бұл ақпараттың барлығы электрондық қолтаңбада қамтылған, біз оны қызметте қолтаңбаларды тіркеу үдерісінде автоматты түрде аламыз.
1.2 Сондай-ақ біз келесі ақпаратты жинаймыз:
1.2.1 Cookies файлдары;
1.2.2 пайдаланушылар мен ақпараттық жүйелердің желілік (IP) мекенжайлары;
1.2.3 есептік жазбалардың параметрлерінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайлары.
2.1 Біз сертификаттар құрамындағы ақпаратты мыналар үшін пайдаланамыз:
2.1.1 құжатқа цифрлық қолтаңбамен қол қойған субъект туралы деректерді көрсету үшін;
2.1.2 шектеулі қолжетімділігі бар құжаттарға қолжетімділікті шектеу үшін;
2.1.3 құжаттармен жасалатын әрекеттер туралы хабарландырулар жіберу үшін электрондық пошта мекенжайын алу үшін.
2.2 Біз Cookies файлдарын https://sigex.kz сайтындағы пайдаланушылардың кіру мәртебесін растау үшін пайдаланамыз.
2.3 Біз пайдаланушылар мен ақпараттық жүйелердің желілік (IP) мекенжайларын желілік шабуылдар мен қажет емес белсенділіктің алдын алу үшін пайдаланамыз.
2.4 Біз есептік жазбалардың параметрлерінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайларын құжаттармен жасалатын әрекеттер туралы хабарландырулар жіберу үшін пайдаланамыз.
3.1 Біз ҚР заңнамасына сәйкес оларды ұсыну міндеті жүктелген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға деректерді бермейміз.
4.1 Пайдаланушы кез келген сәтте өз есептік жазбасының параметрлерінде көрсетілген деректерді өзгерте немесе тазалай алады.
4.2 Цифрлық қолтаңбаларды қалыптастыру үшін пайдаланылған сертификаттардың деректерін жою мүмкіндігі қарастырылмаған, себебі бұл деректер электрондық құжаттар астындағы цифрлық қолтаңбаларда қамтылған.
5.1 Біз жиналған деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін барлық ақылға сай құралдарды қолданамыз, мысалы: деректерге және олар орналасқан серверлерге қолжетімділікті бақылаудың техникалық құралдары, жиналған деректерге және олар орналасқан серверлерге қолжетімділігі бар қызметкерлер санын шектеу жөніндегі ұйымдастырушылық шаралар.
6.1 Деректерді өңдеу мәселелері бойынша сұрау салулар, тілектер мен шағымдарды келесі электрондық пошта мекенжайына жіберу керек: info@sigex.kz.
7.1 Құпиялылық саясаты алдын ала хабарландырусыз өзгертілуі мүмкін. Құпиялылық саясатының ағымдағы нұсқасы https://sigex.kz/privacy-policy/ мекенжайында қолжетімді.
SIGEX порталы браузерде cookie файлдары мен басқа деректерді сақтау технологияларын тек жекелендіру үшін пайдаланады: хабарландыруларды, еске салуларды және кеңестерді көрсету, сондай-ақ кейбір параметрлерді сақтау үшін. Біз бұл технологияларды өз пайдаланушыларымызды қадағалау, олар туралы ақпарат жинау немесе жарнама көрсету үшін пайдаланбаймыз және үшінші тараптарға мұндай мүмкіндіктер бермейміз. Егжей-тегжейлер Құпиялылық саясатында баяндалған.
Біз электрондық құжаттар, ЭЦҚ және заңды маңызы туралы вебинарлар өткіземіз.